2018 жылғы 19 маусымда ҚР Энергетика министрлгінің, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ , ҚР Венадағы Тұрақты Өкілдігінің және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) өкілдерінің қатысуымен АЭХА Төмен байытылған уран банкісінің макеті БҰҰ Вена бөлімшесіндегі жалпы көпшілік көру мақсатында орнатылды.
Бұған дейін 2017 жылғы 19 қыркүйектегі Венада өткен Қазақстандағы АЭХА Төмен байытылған уран банкісі ғимаратының (ТБУБ) ашылу рәсіміне арналған іс-шара барысында ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев «Үлбі металлургиялық зауыт» АҚ қолдауымен жасалған ТБУБ макетін салтанатты жағдайда Агенттіктің Бас директоры Ю.Аманоға тапсырған.
kaenk.energo.gov.kz