2016 жылдың 02 тамызында АҚШ Конгрессінің өкілі Джон Ипстайнның басшылығындағы АҚШ делегациясының ЯФИ РМК-ға іссапары болып өтті, оны АҚШ Қорғаныс министрлігі, АҚШ Энергетика министрлігі және АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қызметкерлері алып жүрді. Іссапардың мақсаты екіжақты ынтымақтастықтың шеңберіндегі қызметке шолу жасау және ядролық қауіпсіздік саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау болды.

Американдық делегацияның қатысушылары ССР-Қ зерттеу реакторында, радиоактивтік қалдықтарды көму пунктінде, иондаушы сәулелену көздерінің қоймасында, салынып жатқан Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында болды.
 

ЯФИ