Бүгін Алматы қаласының Бостандық ауданында құрамында сынап бар люминесцентті шамдарға арналған 10 контейнер қойылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Контейнерлер ПИК-тердің аумағына қойылған. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Ә.Сатыбалдиевтың айтуынша, бұл пилоттық жоба болып табылады. Алдағы уақытта қанша контейнер қою қажеттілігі шешіледі. Сонымен қатар ол Бостандық ауданында түрлі тәжірбиелік жобалардың жүзеге асырылып келе жатқанын атап көрсетті. Құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған контейнер мырышпен қапталған металдан жасалған. Онда лампа салатын және қалдықты сақтайтын орын бар. Контейнер толғаннан кейін оны «Алматыэкологострой» кәсіпорын жоятын болады.


BNews.kz