2014 жылғы 3 қазанда Ядролық физика институтының базасында қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдарға радиоактивті материалдарды тасымалдауға арналған арнаулы автомобильдерді тапсыру рәсімі болды. Бұл жоба Ұлыбритания мен АҚШ Үкіметтерінің қолдауымен ғаламдық қатерді азайту бағдарламасының шеңберінде іске асырылды.

 


Өткен рәсімде АҚШ Бас консулы Тереза Гренсик, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінің өңірлік энергетикалық мәселелер жөніндегі хатшысы Энн Херриган және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Т.М.Жантикин аталған арнаулы автомобильдердің Қазақстан Республикасына берілуі ядролық терроризмге жол бермеуде біздің үш елдің арасындағы ынтымақтастық шеңберіндегі жобаларды іске асырудың тағы бір үлгісі болып табылатынын атап өтті.

 


"Осы Алматыдағы және Қазақстанның барлық аумағындағы біздің әріптестігіміз екі онжылдықтан астам біздің радиоактивті материалдардың қауіпсіздігіне жалғасып отырған жалпы бейілділігімізді көрсетеді деп ядролық таратпау жөніндегі АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілік басшысының орынбасары Энн Харрингтон айтты. «Радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдауға арналған арнаулы автомобильдерді пайдалану» ядролық қауіпсіздікті нығайту үшін Қазақстанда радиологиялық қорғау деңгейін арттырады, ол үшін басшылық соншама іс жасады.

 


Бүкіл дүние жүзінде ядролық және радиологиялық терроризм әрекетімен күреске жәрдемдесу бойынша бірлескен жұмыс аясында осы автомобильдерді беру Қазақстанның радиоактивті материалдарды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық талаптарды енгізудегі күш-жігерін қолдайды.

 


Қауіпсіз тасымалдау үшін автомобильдерді сатып алу АҚШ ЭМ ЯҚҰӘ арқылы Ұлыбритания ұсынған қаражат есебінен мүмкін болды. Ұлыбритания бұрыннан қызмет істейді және ғаламдық қауіпсіздік жобаларына айтарлықтай үлес қосады, және бұл бірлескен жұмыс АҚШ пен Ұлыбританияның ядролық және радиологиялық лаңкестік әрекеттердің алдын алу бойынша көптеген бірлескен жобаларында жаңа үлгі болып табылады.

 


АҚШ ЭМ ЯҚҰӘ радиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өз миссиясы шеңберінде жоғалған немесе көп пайдаланылмайтын радиоактивті сәулелену көздерін іздестіруде, осы көздерді сыртқа шығаруда және оларды қауіпсіз қоймаларға орналастыруда, сондай-ақ тасымалдау кезінде қауіпсіздікті арттыруда және осындай көздер сақталған жерлерді физикалық қорғау деңгейін көтеруде әріптес елдермен жұмыс істейді.

 


Ұлыбритания қаржыландыратын жобалар физикалық қорғау және қауіпсіздік саласында дереу нәтиже береді және радиоактивті материалдарды тасымалдау мен сақтау кезінде физикалық қауіпсіздікті анықтау, қамтамасыз ету үшін Қазақстанды құралдармен және дағдылармен қамтамасыз етуге көмектеседі.

 


Радиоактивті көздерді қауіпсіз тасымалдауға арналған автомобильдерді беру, сондай-ақ радиоактивті материалдардың физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өте ауқымды жоба қауіпсіздік және ядролық таратпау мәселелерінде ынтымақтастықтың байырғы тарихы бар Құрама Штаттар мен Қазақстан арасындағы өнімді әріптестіктің үлгісі болып табылады. Бұл ынтымақтастық өзіне көптеген аяқталған және іске асырылатын жобаларды қамтиды, оның ішінде:

◾БН-350 реакторының пайдаланылған ядролық отынына арналған қорғалған қоймасын жасау;
◾Ядролық физика институтында төмен байытылған уранда ВОУ-отынымен жұмыс істейтін ВВР-К зерттеу реакторының жалғасып отырған конверсиясы және Институттағы барлық ВОУ-ды жою;
◾Ядролық және радиоактивті материалдармен жұмыс істеген кезде физикалық ядролық қауіпсіздік деңгейін жоғарылату;
◾2012 жылы ҚР ҰЯО Атом энергиясы институты және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС үшін тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мамандандырылған автомобильдерді беру;
◾Қазақстанға кіретін бақылау пункттері үшін радиоактивті сәулелену детекторларын беру;
◾Халықаралық кепілдіктерді жүзеге асыру саласындағы екі жақты ынтымақтастық;
◾Қазақстандық мемлекеттік қызметшілер үшін экспорттық бақылау бойынша дайындық курстарын жүргізу; және
◾Азаматтық мақсатта таратпау және қауіпсіздік бойынша ғаламдық күш-жігерді ілгері жылжытуға мүмкіндік жасайтын бұрынғы ядролық-қару-жарақ кешені ғалымдарының білімін қолдану.
 

www.kaec.kz