«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостовтың зауыттың кәсіподақ активімен кездесуі өтті.
Юрий Викторович өз сөзін бірінші тоқсандағы ҮМЗ өндіріс қызметін қорытындылаудан бастады. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген кәсіпорын басшысы, жаһандық дағдарыстың негізгі өндірістің жұмысына кері әсерін тигізіп жатқанын айтты. Соның салдарынан тапсырыс берушілер сұраныстарының азайғаны және өнімдерді өткізу қиындықтары орын алып отыр.
Өндіріс көлемінің азайюы қызметкерлер санын қысқартуға әкеліп соғады. Сонымен бірге Юрий Викторович зауытта ешқандай жұмысшылар санын қысқару болмайтынын айтты. Қызметкерлер санын реттеу үшін басқа механизмдер қолданылатын болады. Олар толымсыз жұмыс уақыты мен пайда болған бос орындарды толытырмау.
Еңбек өнімділігін арттыру үшін осы шараларды қолдану қажет. Бүгінгі күні бұл Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарының алдында тұрған ең басты міндет болып отыр.
Кездесу барысында Юрий Викторович Қазатомөнеркәсіп пен «ҮМЗ» АҚ Трансформация бағдарламасының жүзеге асырылуына ерекше көңіл бөлді. Ол қатысушыларға трансформацияның негізгі мақсаты мен жүзеге асырылатын бағыты туралы айтып берді.
Кездесу соңында зауыт басшысы зауыттықтардың сұрақтарына жауап берді.
«ҮМЗ» АҚ