Әлемнің 9 елінің медициналық жоғары оқу орындарының дәрігерлері мен студенттері 25- 29 тамыз аралығында Астанада өтіп жатқан «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» екікүндік студенттік конференциясына қатысуда. Естеріңізге сала кетейік, қатысушылар 14 тамызда велосипедпен Семейден Астанаға жол тартқан болатын.
Олар жол бойында қалалар мен ауылдық елді-мекендерге аялдады. Ал бүгін олар конференцияға қатысуда. 27-28 тамыз күндері ХХІ Дүниежүзілік конгресс жоспарланып отыр. «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» тақырыбына арналған конгреске Ресей, АҚШ, Австрия, Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Филиппин, Жапония, Нигерия және т.б. елдердег танымал қайраткерлер, ғалымдар, саясаткерлер мен студенттер қатысады.«Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» халықаралық қозғалысының негізін 1980 жылдың желтоқсанында Гарвардтың Жалпы денсаулық институтының кардиология профессоры Б.Лаун, ресейлік кардиологтар Е.Чазов пен Л.Ильин бірге қалады. IPPNW денсаулық сақтау ісі қызметкерлерінің бүкіләлемдік федерациясы, оның қызметі ядролық соғыстың қауіп-қатеріне қарсы қоғамдық пікірді жұмылдыруға және ядролық қарусыздануға көмек көрсетуге бағытталған.1984 жылы өз қызметі үшін федерация ЮНЕСКО-ның сыйлығына ие болды, ал 1985 жылы «адамзат санасын бейбітшілік пайдасына бұруға және жұртшылықты дұрыс ақпараттандыру ісіндегі еңбегі үшін» Нобельдің Бейбітшілік сыйлығымен марапатталды. 1985 жылы ұйым қатарында әлемнің 41 елінен 135 мыңнан астам адам болса, 1990-шы жылдардың басында бұл қозғалыс 60 шақты елден 200 мыңнан астам адамды біріктірді. Қазір IPPNW қатарына 65 мемлекеттен дәрігерлердің топтары енеді.ХХІ-ші Конгресс жұмысына әлемнің 50 елінен келген 500-ге жуық делегат (дәрігерлер, халықаралық ұйымдардың, ядролық соғысқа қарсы қозғалыстардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, сарапшылар) қатысады деп жоспарлануда.
ortcom.kz