2017 жылғы 17-20 қазан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Қазақстанның ядролық қоғамы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің өкілдері (АЭХА) мен сарапшыларының қатысуымен «Атом энергетикасы саласына мүдделі тараптардың қатысуы және коммуникация» атты семинарды ұйымдастырды.
Семинар жұмысына ҚР Энергетика министрлігінің, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның, «Ядролық физика институты» РМК-ның, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның, «Қазақстанның ядролық қоғамы» ЗТҚ, «University medical center» үкіметтік емес ұйымының, республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар барысында Қазақстанның атом саласындағы коммуникациясын дамытуға қатысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың рөліне қатысты мәселелер, БАҚ-пен қазіргі және болашақта атқарылатын жұмыстар, сондай-ақ, АЭХА-ның, АҚШ-тың және Аргентинаның елдің атом саласына мүдделі органдарды қатыстыру бойынша стратегия мен қолданылатын шаралар талқыланды.
 

 ҚР ЭМ