«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ XVI Спартакиадасы 26-тамыз күні жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттаумен аяқталады.
Спартакиада бүгінде 27 мыңнан астам адам еңбек ететін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның маңызды корпоративті іс-шарасы ретінде жыл сайын өткізіліп тұрады. Спорт сайыстары Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерінің салауатты да белсенді өмір салтын ұстанатындықтарын көрсетумен қатар, қоғамда бұқаралық спорт идеяларын насихаттаудағы ұлттық компанияның үлесін еселей түседі. Сол сияқты, Спартакиада орналасқан жері мен атқаратын қызметіне қарамастан кәсіпорын қызметкерлері арасындағы өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыруға және корпоративті мәдениетті нығайтуға қызмет ететін болады.
фоторепортаж https://www.facebook.com/kazatomprom.kz/
Бүгін Астана қаласындағы Nazarbayev University спорт кешенінде «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының XVI Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев жыл сайынғы спорттық мереке қатысушыларын құттықтады.
«Спорт адамға күш-қуат беріп, өз-өзіне сенімін қалыптастырып, жеңіске деген құлшынысын арттырады. Бұл әрбір кәсіби білікті маманның бойында табыла білетін қасиеттер. Сондықтан болар, Спартакиада – компаниямыздың негізгі корпоративті іс-шараларының бірі. Себебі, бізге нәтижеге ұмтылатын талапкер көшбасшылар керек. Спартакиаданың ашылуымен бәрлеріңізді құттықтаймын, спортшыларға тек сәттілік тілеймін», - деді Асқар Жұмағалиев.
Дәстүрлі спорттық шараға биыл ұлттық атом компаниясының өндірістері мен кеңселері орналасқан барлық облыстар мен қалалардан келген 800 астам жұмысшы қызметкер қатысады.
Спорттық сайыстар 22-26 тамыз күндері аралығында Астана қаласының әр-түрлі спорт кешендерінде өткізілмек. Атомшылар мини-футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, бадминтон, шахмат және жеңіл атлетика сияқты спорттың 7 түрі бойынша додаға түсіп, бес күн ішінде мықтыларды анықтайды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ