БАӘ-дегі «Болашақ энергиясы» Дүниежүзілік Саммитінде сөз сөйлеген Президент Нұрсұлтан Назарбаев атом энергетикасының ауқымды әлеуетіне тоқталды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан бейбіт атомды пайдалануды жақтайды. 2015 жылы МАГАТЭ әлемдік державалардың қолдауымен біздің елдің аумағында төмен байытылған ядролық отын құру туралы шешім қабылдады. Ол атом энергетикасын дамытуды жоспарлаған мемлекеттерге арналған. Тұтастай, атом энергетикасын дамытудың әлеуеті зор», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, бүгін баламалы уран сияқты теорияны пайдалану белсенді зерделенуде. Осыған байланысты, атом саласының тиімділігі елеулі артатын болады.

Назарбаев Астанада ЭКСПО көрмесінің өтетінін де еске салды.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің ұраны - «Болашақ энергиясы», сондай-ақ біздің Саммиттің де атауы солай. Көрмеде энергетика әлеміндегі барлық жаңа әзірлемелер мен технологиялар ұсынылатынына сенімдімін. Ол бүгінгі Саммиттің логикалық жалғасы болмақ. «ЭКСПО-2017» бүгінде ең дамыған елдердің қандай технологиялық әлеуеті бар және әлемдік энергетика қайда жылжып бара жатқанын көрсетеді. Республика үшін құрметті ғана емес, сонымен бірге жауапты миссия», - деп атап өтті ол.
 

ҚазАқпарат