/www.parlam.kzЕлімізде атом энергиясын пайдаланудың талаптары өзгертілмек. Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында "Атом энергиясын пайдалану туралы" заң жобасы қаралды. Жаңа ережелер тұрғындар мен қоршаған ортаны қандай бір зиянды әрекеттерден қорғауға мұмкіндік береді. Энергетика министрлігі өкілдерінің айтуынша, елімізде атом энергиясын пайдалану туралы құжат 1997 жылы қабылданған. Содан бері оған өзгертулер мен толықтырулар енгізілмеген. Сондықтан, құжатты халықаралық нормалар мен талаптарға сай жасақтау қажеттігі туындап отыр. Мамандар болашақта атом энергиясын пайдалану арқылы радиациалық технология мен ядролық медицинаны дамытуға мүмкіндік болады дейді.

Тимур ЖАНТИКИН, ҚР ЭМ АТОМДЫҚ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жаңа заңды қабылдау арқылы қауіпсіздік шараларын тиімді жүргізуге болады деп ойлаймын. Мысалы, медицина мен өндірістегі апараттарды қолдану кезінде талаптар күшейеді. Қабылданғанына 15 жылдан астам уақыт өткен заңға қандайда бір өзгертулер мен толықтырулар қажет.
 

www.parlam.kz