20-22 тамыз аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығында мамандарға арналған үш күндік практикалық семинар өтті, онда Netzsch (Германия), Tinius Olsen (Англия/АҚШ), Tescan (Чехия), Horiba (Жапония), Perkin Elmer (АҚШ) сияқты әлемдік жетекші өндірушілердің талдамалы және технологиялық жабдықтарының жаңа мүмкіндіктері мен қолдану қарастырылды.
Осы салада ең жоғарғы әлемдік стандарттар деңгейіндегі жабдықтар жасаумен айналысатын шетелдік компаниялардың Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі «LabSet» ЖШС компаниясы болып табылады.
Практикалық әзірлемелерді, заманауи өндірісті және жаңа технологияларды зерттеп білу мүмкіндігі практикалық семинардың басты мақсаттарының бірі болды.
Практикумның жұмыс бағдарламасы шеңберінде атом саласын дамыту аясында технологияларды қолданудың оннан астам инновациялық технологиялары мен өзекті ғылыми әзірлемелері қаралды және зерттелді. «LabSet» компаниясының мамандары әдістер мен термиялық талдау аспаптары және оларды ядролық зерттеулер саласында қолдану туралы егжей-тегжейлі шолу жасады.
Үш күндік семинарда қатысушылар заманауи, ғылыми-талдамалы Horiba Scientific жабдығымен, XploRa және LabRam раман микроскоптарымен жете танысты.
Ең үлкен блоктардың бірін материалтанудағы техникалық шешімдер мен қолдануларға шолу: солғын разрядты спектрометр Profiler (жабындарды элементтік талдаудың ең жақсы құралы), XGT 7000/7200 рентген микроскобы (жергілікті элементтік талдауға арналған әмбебап аспап), термиялық талдау және Netzsch (Германия) компаниясының материалдардың қасиеттерін бақылауға және ғылыми зерттеулерге арналған жабдығын қолдану, Tinius Olsen компаниясының физика-механикалық сынақтар саласындағы қызықты шешімдері алды.
Ұлттық ядролық орталық мамандарын «Сканерлейтін және жарықты өткізетін электрондық микроскопия үлгілерін иондық тегістеуге арналған Technoorg Linda қондырғысының» тұсаукесері, сондай-ақ конструкциялық және функционалдық материалдарды зерттеу кезіндегі Tescan екі сәулелі сканерлейтін электрондық микроскоптарының технологиялық мүмкіндіктері ерекше қызықтырды.
Оқыту семинарында «LabSet» компаниясының мамандары ұсынылатын фирмалардың өлшеу жабдығының мүмкіндіктерін көрсетті, бұдан басқа барлық тыңдаушылар үшін өлшеу әдістері, жекелеген қызықты техникалық шешімдер және т.б. бойынша ауқымды материал берілді. Семинардың жеке блогы семинар қатысушыларына сұрақ-жауаптарға және дербестендірілген консультацияларға арналды.
ҚР ҰЯО