2015 жылдың 13-14 қазанында Алматы қаласында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша ТМД қатысушы мемлекеттер комиссиясы Жұмыс тобының «Ядролық және радиациялық-қауіпті объектілерді пайдаланудан шығару, РАҚ мен ПЯО жұмыс істеу және аймақты оңалту саласында практикалық ынтымақтастық үшін платформаны құру» атты алтыншы отырысы өтті. Қорытындылар шығарылды және Қазақстан, Ресей, Беларусь - ТМД елдері ұйымдарының өзара қарым-қатынастарын әрі қарай дамыту бойынша бірлескен жұмыстар жоспары әзірленді. Жұмыс тобы отырысының екінші күні ЯФИ РМК базасында ССР-Қ реакторлық кешеніне, Кешенді экологиялық зерттеулер орталығы зертханалары мен РҚКП аумағына барумен жүргізілді. Жұмыс тобының алтыншы кездесуінің жұмысына Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық жобаларды дамыту департаментінің директоры Б.Каракозов және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басқарма бастығы М.Төлегенов, сондай-ақ Беларусь Республикасы Энергетика министрлігінің, Росатом мемкорпорациясы кәсіпорындарының, Қазатомөнеркәсіп ҰАК АҚ мен ЯТҚ ҒТО өкілдері қатысты.

inp.kz