2016 жылғы 7-9 наурыз аралығында Жапонияның Токио қаласында Азия елдерінің ядролық кооперация форумы үйлестірушілерінің (FNCA) 17-ші жиналысы өтті.
Жиналыс Жапонияның Министрлер кабинетінің хатшылығы және Атом энергиясы комиссиясы Жапонияның білім, мәдениет, спорт, ғылым және технология министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Жиналысқа қатысушыларды JAEC төрағасы, д-р Ёшиаки Ока қарсы алды. Жиналыс төрағасы болып Жапония атынан FNCA үйлестірушісі Вада мырза сөйледі.
Жиналысқа форумға мүше 12 елдің: Австралия, Бангладеш, Вьетнам, Индонезия, Қазақстан, Қытай, Корея, Малайзия, Монғолия, Таиланд, Филиппин, Жапония делегаттары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Делегат ретінде Форум үйлестірушілері, жобалардың жетекшілері және Ынтымақтастық туралы өңірлік келісім (RCA) өңірлік бюросының директоры келді.
Жиналыс барысында:
- 2015 жылғы желтоқсанда өткен FNCA жиналысының министрлер деңгейіндегі негізгі шешімдері;
- МАГАТЭ және RCA сияқты халықаралық ұйымдармен FNCA кооперациясы мәселелері;
- FNCA барлық жобаларының жағдайы, міндеттері мен даму перспективалары (радиациялық онкология, мутациялық селекция, радиациялық қауіпсіздік және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, ядролық қондырғылардың қауіпсіздігін басқару жүйесі, физикалық ядролық қауіпсіздік және кепілдіктер, адами ресурстарды дамыту, нейтрондық-активациялық талдау, зерттеу реакторларының жүйесі, биотыңайтқыштар, электрондар үдеткіштерін қолдану);
- ядролық технологияларды пайдалана отырып климаттық өзгерістерді зерттеу бойынша жаңа жобаны іске қосу жөніндегі ұсыныстар;
- FNCA қызметін басқаруды арттыру туралы ұсыныстар талқыланды.
Қазақстан Республикасы атынан жиналысқа ҚР ҰЯО РМК бас директоры, Қазақстан Республикасының FNCA үйлестірушісі Эрлан Батырбеков пен физикалық ядролық қауіпсіздік және кепілдіктер бойынша Қазақстан Республикасының FNCA жобасының жетекшісі, ҚР ҰЯО РМК бас директорының орынбасары Сергей Березин қатысты. «Сыртқы саяси басымдықтар жүйесінде Қазақстан өзін ядросыз мемлекет ретінде көрсетеді, таратпау режимін қолдау және атом энергиясын бейбіт пайдалану, сондай-ақ қарсылықтар мен қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру үшін күшті біріктіру жөнінде саяси диалог жүргізу үшін әрекет етеді. Қазақстан жиырма жылдан астам уақытта бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздік жолын ұстанатынын көрсете отырып, ядролық қарусыз, қауіпсіз, өркениетті қоғам құру жолындағы өзінің маңызды қадамын жасады» деп атап көрсетілген «Қазақстан. Ядролық қауіпсіздік және кепілдіктер» атты баяндама ұсынылды.
ҚР ҰЯО РМК