Аргон ұлттық зертханасында (АҰЗ), АҚШ, 2018 жылдың 1 қазаны мен 5 қазаны аралығында Азия және Тынық мұхиты аймағындағы зерттеу реакторларының қауіпсіздігі жөніндегі аймақтық консультативтік комитетінің 6-шы жыл сайынғы кеңесі өтті (РАСКАП (RASCAP)). Кеңес АЭХА (МАГАТЭ) Азиялық ядролық қауіпсіздік желісі (АЯҚЖ) аясында зерттеу реакторларының қауіпсіздігіне арналды. Қазақстан 2011 жылдан бері АЭХА (МАГАТЭ) АЯҚЖ мүшесі болып табылады.
РАСКАП (RASCAP) 2013 жылдың наурыз айында АЭХА (МАГАТЭ) аясында аталған өңірде тәжірибе алмасу үшін желіні және өңірлік кооперацияны құруға арналған форумды қамтамасыз ету үшін, зерттеу реакторларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылды. РАСКАП (RASCAP) негізгі ережелері Азия және Тынық мұхиты аймағында зерттеу реакторларын пайдаланатын АЭХА (МАГАТЭ) мүше-мемлекеттердің қатысуымен 2013 жылғы 11 – 15 наурыз аралығында Вена қаласында (Австрия) өткен кеңесте қабылданды.
Жуырда Африкада және Еуропада құрылған аймақтық консультативтік топтар сияқты, РАСКАП (RASCAP) мақсаты – Азия және Тынық мұхиты аймағындағы зерттеу реакторларының қауіпсіздігін күшейту болып табылады. Оның рөлі – аймақтағы зерттеу реакторлары қауіпсіздігінің ең маңызды аспектілері бойынша консультативтік топтар және аймақтық қауіпсіздік комитеттері жұмысының тиімділігін арттыру. Елдердің өкілдері өзара мүдделі болып табылатын зерттеу реакторларының қауіпсіздігі мәселелерін талқылау үшін жыл сайын кездеседі. Ол кеңестердің мақсаты Азия және Тынық мұхиты аймағы, АЭХА (МАГАТЭ) мүше-мемлекеттері қатысушыларының арасында ақпарат, білім және тәжірибе алмасуға арналған форумды қамтамасыз ету.
Азия және Тынық мұхиты аймағындағы зерттеу реакторларының қауіпсіздігі жөніндегі аймақтық консультативтік комитетінің 6-шы жыл сайынғы кеңесінде (РАСКАП (RASCAP)) АЭХА (МАГАТЭ) мүше 11 мемлекет-елден 16 сарапшы қатысты: Австралия – 1, Бангладеш – 2, Қытай – 1, Индонезия – 2 , Жапония – 1, Қазақстан – 1, Корея Республикасы – 1, Малайзия – 1, Филиппин – 2, Тайланд – 2, Вьетнам – 2. Сондай-ақ, кеңеске АЭХА (МАГАТЭ) өкілі м-р Д.Рао және АЭХА (МАГАТЭ сарапшысы М-р Дитрих (AНЛ) қатысты.
Жыл сайын өтетін РАСКАП (RASCAP) кеңесінің жұмысына Қазақстаннан ЯФИ РМК ССР-Қ ЗРК бас инженерінің қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Мұрат Төлегенов қатысты. Ол РАСКАП (RASCAP) Қазақстан атынан байланыс тұлғасы болып табылады. Сондай-ақ, ЯФИ РМК ССР-Қ ЗРК бас инженері Дархан Нақыпов та РАСКАП (RASCAP) Қазақстан атынан тағы бір байланыс тұлғасы болып табылады.
ЯФИ