Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында қатысушылар атом энергетикасындағы бірлескен жобаларға қатысты мəселелерді, сонымен қатар ресейлік компанияның Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы мәселелерін қарастырды.
 

ҚазАқпарат