Үлбі металлургиялық зауытының Жастар бірлестігінің өкілдері, Өскемен қаласының арнайы мамандырылған Балалар үйіне барып, тәрбиеленушілердің қатысуымен өткізілген концертті көріп қайтты. Бұл мерекелік шараға зауыт жастары құр қол келген жоқ. Омдықтар балаларға жазғы көйлектер мен бас киімдерді алып барды. Бұл сыйлықтар, жыл сайынғы өткізілетін «Шаттық сыйла» акция барысында жиналған ақшалай қаражатқа сатып алынды. Акцияға негізгі және қосалқы өндірістің жұмысшылары мен зауыт басқармасының қызметкерлері өз үлестерін қосты. Барлығы 156 мың теңгеден астам ақшалай қаражат жиналды. Сонымен қатар, өз атын айтпауын өтінген зауыт қызметкері, Балалар үйіне жаңадан тоңазытқыш сыйға берді.
Жастар бірлестігі акцияға қатысқан барлық зауыттықтарға өз алғыстары мен ризашылығын білдіреді. Себебі аздап бөлінген көңіл, кішкентай сәбилерге бақыт пен қуаныш сыйлайды.

«ҮМЗ-ақпарат»