«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Ресей Федерациясына жасаған жұмыс сапары барысында «Росатом» Мемлекеттік корпорациясының Бас директоры Сергей Кириенкомен кездесіп, атом энергетикасы саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Асқар Жұмағалиев пен Сергей Кириенко салааралық өзара іс-әрекеттің өзекті тақырыптарын қарастырып, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы кешенді бағдарламаны іске асырудың барысы туралы пікір алмасты.
Тараптар «Қаратау» ЖШС, «Ақбастау» БК» АҚ және «Заречное» БК» АҚ бірлескен кәсіпорындары арқылы қазақстандық уранмен ресейлік реакторлардың қажетін өтеудің шешуші қырлары сөз болды. 2014 жыл қорытындысы бойынша аталмыш компаниялар 4,5 мың тонна уран өндірген.
Кездесуде қозғалған маңызды тақырыптардың бірі уран байыту саласындағы өзара әрекеттестік болды. Сұхбат барысында тараптар сондай-ақ, балама энергетика, сирек және сирек жер металдар өндірісі саласындағы ынтымақтастықтың келешегін де сөз етті.
Кездесу қорытындысы бойынша Асқар Жұмағалиев Сергей Кириенконы 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Қазақстанның бас қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өтетін «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жұмысына белсене қатысуға шақырды. Бұл жоба энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға жұртшылық назарын аударуға, жаңғыртылатын және балама қуат көздерін, соның ішінде атом энергиясын дамытуға серпін беруге бағытталған.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы А. Жұмағалиев дүние жүзілік ядролық энергетиканың ірі компаниясына айналған «Росатом» Мемкорпорациясы көрмеде ядролық энергияны пайдалану бойынша өзінің озық технологияларын көрсете алатынын атап өтті.
Асқар Жұмағалиев сол күні ресейлік «ТВЭЛ» АҚ және «Техжабдықэкспорт» АҚ сияқты жетекші компаниялардың басшыларымен да кездесіп, атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері төңірегінде пікір алмасты.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасының белсенді қатысушысы. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
www.kazatomprom.kz