«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-да болды. Бұл Қазатомөнеркәсіп басшысының осы қызметке тағайындалғалы бері танысқан компанияның алғашқы еншілес кәсіпорны еді.
Уран және тантал өндірістерінде болған Ұлттық атом компаниясының басшысы уран және тантал өнімдерін шығару технологиясымен жақыннан танысып, «Машзауыт» ЖШС мен кәсіпорынның Көрме-ақпараттық орталығын аралады.
Сапар барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы бірінші кезекте Үлбі металлургиялық зауытын дамытудың болашағына аса мән берді. Бұл туралы Асқар Жұмағалиевтің «ҮМЗ» АҚ басшылығымен кездесуінде кеңінен сөз болды. Компания басшысы атап көрсеткендей, зауыттың келешегі бірқатар жобалармен тығыз байланысты, олардың арасында жылу бөлгіш құрамалар өндірісін құру мен конверсиялық өндіріс салу да бар. Отырыста осы жобаларды іске асыруға бағытталған кезек күттірмес міндеттер белгіленді.
Компания басшысы «ҮМЗ» АҚ-ның әлеуеті мықты екенін, сондықтан холдингтің даму стратегиясын жүзеге асырудағы Қазатомөнеркәсіптің жоспарларында оған айрықша орын берілгенін атап өтті.
«ҮМЗ» АҚ