Ұлттық атом компаниясының басшысы ҮМЗ-нің уран өндірісін аралап, МАГАТЭ бақылауындағы төмен байытылған уран банкін орналастыру үшін ұсынылып отырған алаңды көрді. Сондай-ақ «Машзауыт» ЖШС және «Үлбі» орталық мәдениет сарайында болып, «ҮМЗ» АҚ Басқарма мүшелерімен кездесті.
Сапар барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Үлбі металлургиялық зауытының даму болашағына басты назарын аударды. Нұрлан Қаппаров толық ядролық отын циклына ие компания құру бойынша Қазатомөнеркәсіптің жоспарында ҮМЗ-ға айрықша орын белгіленгендігін атап көрсетті. Осы мақсатта қазір Қытаймен жылу бөлгіш құрамалар шығаратын бірлескен жобаны іске асыру мәселелері талқыланып, Қазақстанда қазіргі заманғы конверсиялық өндіріс құру бойынша ізденістер де жалғасын табуда. Басқарма мүшелерімен өткен кездесуде сондай-ақ, ҮМЗ-нің бейінді емес активтеріне байланысты мәселелер де кеңінен сөз болды.
«Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС аралаған Нұрлан Қаппаров фотоэлектрлі пластиналар мен ұяшықтар өндірісінің технологиясы және проблемаларымен танысып, шешімін күткен мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ