2014 жылғы 15 желтоқсан күні ұлттық атом компаниясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс болып өтті. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров ұжымды ұлы мерекемен құттықтап, егемен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстарына тоқталды.
«Қол жеткен жетістіктерде күнделікті жанкешті еңбектерімен отанымыздың өркендеуіне үлестерін қосып келе жатқан атом саласы қызметкерлерінің де еңбегі орасан», - деп атап өтті Н. Қаппаров.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазатомөнеркәсіптің 9 қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, «Құрмет» орденіне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сергей Яшин, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әлеуметтік мәселелер және қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Жарқынбек Оспанов және «Әппақ» ЖШС бас директоры Сейілхан Қабаев; «Ерен еңбегі үшін» медаліне «Қаратау» ЖШС «Буденовское-2» кенішінің директоры Белгебай Буркурманов, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС жөндеу зауытының жабдықтарды жөндеу жөніндегі шебері Нұрғазы Худибаев, «Инкай» БК» ЖШС Каратаж қызметінің геофизигі Петр Лысенко және «Орталық ӨК» ЖШС слесарь-жөндеушісі Мәлік Аманбаев, "ҮМЗ" АҚ БӨ шебері Василий Федеров; Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына «Жоғары технологиялар институты» ЖШС ғылыми хатшысы Валентина Горкун ие болды.
Мемлекет басшысы еліміз Үкіметі және «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы алдына Қазақстанды әлемнің дамыған отыз елі қатарына қосу міндетін қойып отыр. Нұрлан Қаппаров еңбек тиімділігін арттыру және қаржы-өндірістік көрсеткіштерін жақсарту үшін «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы өзінің барлық әлеуетін, ресурстары мен білімін жұмсайтынына сендірді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ