«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Қызылорда облысына жасаған сапарының қорытындысы бойынша Шиелі кентіндегі балабақшаға жөндеу жүргізуді қаржыландыруды «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС-не тапсырды. Ұлттық атом компаниясы облыс әкімдігімен әлеуметтік-экономикалық саладағы ынтымақтастық аясында жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша 10 миллион теңге көлеміндегі міндеттемені мойнына алады.
«Айналайын» балалар бақшасы 2008 жылы салтанатты жағдайда ашылған болатын. 280 орындық мектепке дейінгі балалар мекемесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес компаниясының қаржысына салынған.
Балабақша тәрбиеленушілері қазақ және орыс тілдеріндегі 12 топқа бөліп оқытылады. Сапа стандарттарына толығымен сәйкес келетін мекемеде балдырғандардың рухани, мәдени және физикалық дамуы үшін не қажеттің бәрі қарастырылған: білікті педагогикалық ұжым, спорт секциялары, музыкалық-театр үйірмесі, бассейн және т. б.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ