Қазақстан ірі табиғи уран өндіруші ретіндегі әлемдегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. 2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ холдингі құрамындағы кәсіпорындар 23 800 тонна уран (жылдық жоспардың 101%) өндірді, соның ішінде еншілес және бағынышты кәсіпорындардағы үлестерін қоса есептегенде ұлттық атом компаниясы өндірген уран көлемі 13 000 тоннаны (жылдық жоспардың 102%) құрады.
Есепті кезеңде «ҮМЗ» АҚ 141,251 тонна тантал өнімдерін, 96,944 тонна ниобий өнімдерін және 1 687,136 тонна бериллий өнімдерін өндірді.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Маңғыстау облысы және Ақтау қаласындағы тұтынушылар үшін 4 890 850 мың кВт*сағат электр энергиясын, 3 592 339 ГКал жылу энергиясын өндіріп, 1 214 511 мың текше метр су әзірлесе, соның 11 397 мың текше метрі ауыз су.
«Уран байыту орталығы» ЖАҚ 5 107 417 БЖБ (бөлу жұмысының бірлігі 1 кг уранды белгілі деңгейге дейін байытуға жұмсалатын электр энергиясының шығынын сипаттайды) көлемінде байытылған уран өнімін шығарды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ