Семинар-кеңесте атом саласы және аралас салаларды қамтитын уран өнеркәсібінің инновациялық мәселелері талқыланды:
Уран өнеркәсібінің геология, геофизика және геотехнология мәселелері;
Уран өндіру үдерісін интенсификациялау және оңтайландырудың, жоғары тауарлық сипаттағы бәсекеге қабілетті өнімдер алынатын кен орындарын терең қайта өңдеудің ғылыми-технологиялық мәселелері;
Минералды және техногенді көздерден алынған сирек және сирек-жер металдар өндіру, қайта өңдеу және өнім өндіру;
Қазақстанның атом саласы және экономиканың аралас салалары кәсіпорындары үшін жаңармалы энергетиканы дамыту және қолдану мәселелері;
Су тазалау және су әзірлеуді қамтитын қуат және ресурс үнемдеуші технологиялар. Технологиялық, сараптамалық және зертханалық жабдықтар;
Радиоэкология. Қоршаған ортаны қорғау және өндіріс қауіпсіздігі.
Қазақстанның уран өндіру өнеркәсібі және атом саласы үшін білікті мамандар даярлауды ұйымдастыру мәселелері;
Білімді және зияткерлік меншікті басқару.
Семинар-кеңес барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ интеллектуалдық тәжірибелік СМАРТ-кеніштер құрудың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кіріскені жарияланды. Уран өндірісінің жаңа буындағы түптұлғасы болуға тиіс СМАРТ-кеніштер өндірістік кешені уран кен орындарын пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігін және экономикалық тиімділігін едәуір арттыруды қамтамасыз етпек. СМАРТ-кеніште сынақтан өткен озық технологиялық шешімдер «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қатысуымен жұмыс жүргізетін уран өндіруші кәсіпорындарда зияткерлік меншік құқымен қолданылынатын болады.
Kazatomprom.kz