2015 жылғы маусымның 22-сінде Ыстықкөл жағалауында (Қырғыз Республикасы) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мамандарының ХІ Жазғы мектебі жұмыс бастады.
Жыл сайын өтетін іс-шараға биыл ұлттық атом компаниясының еншілес және бағынышты ұйымдарының 50-ден астам өкілі қатысуда. Жазғы мектепте Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарының жас мамандары мен ғалымдары жаңаша оқыту мен басқару дағдыларын меңгереді, білім жетілдіріп, біліктілігін арттырады және корпоративтік тұтастық рухын дамытады.
Сондай-ақ, аталмыш іс-шара аясында компания қызметкерлерінің инновациялық және зерттеу жобаларына жарияланған байқау қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады, жеке коммуникативтік дағдыларды қалыптастыратын тренингтер мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Жазғы мектеп-2015 қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаз командаға кубок және естелік сыйлықтар тапсырылады.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның корпоративтік университеті саналатын «Қазақстанның ядролық университеті» ЖШС.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ