2018 жылғы 4 қазанда «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенінде төмен байытылған отындағы екі эксперименттік технологиялық арнаны кешенді сынау бағдарламасында көзделген эксперименттер сериясында ИВГ.1М реакторын кезекті рет іске қосу ойдағыдай жүзеге асырылды.

Іске қосу кезінде реактор 6 МВт қуат деңгейіне жеткізіліп, осы қуатта 3 сағат 40 минут бойы жұмыс істеп тұрды, бұл реактордың жұмыс бағдарламасында айқындалған қуатпен жұмыс істеу уақытына сәйкес келеді. Іске қосу кезінде «ТЯР бланкетінде Li15.7Pb қорғасын-литий эвтектикасымен тритийді алу технологиясын әзірлеу» гранттық жобасы бойынша реакторлық эксперимент жүргізілді.

Эксперимент бағдарламасы толық көлемде орындалды. Реактор кешенінің барлық жүйелері штаттық режимде жұмыс істеді.

ҚР ҰЯО