Үлбі металлургиялық зауытында Дүние жүзілік еңбек қорғау күніне орай еңбек қорғау бойынша жыл сайынғы байқау – жарыстың қорытындылары шығарылды.
Жарысқа үш топқа бөлінген кәсіпорынның тоғыз бөлімшелері қатысты. Комиссия қортындысы бойынша бірінші орынға Бериллий өндірісі (БӨ), Энергетикалық орталығы (ЭО) және Орталық ғылыми – зерттеу зертханасы (ОҒЗЗ) ие болды.
Бұл бөлімшелер «10 000 жақсарту бағдарламасы» бойынша ұсынылған қауіпсіздікті арттыру, еңбек жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстарды, бейне фильмдер мен плакаттарды, ҚжЕҚ жөніндегі жандамаларды жасау және басқа да көрсеткіштер бойынша ең жоғары балл алғандар. Сонымен бірге бөлімшелердегі қауіпті техникалық қондырғыларды пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу және есептелік кезеңде оларды түзеу жағдайлары ескерілді.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықақымен марапатталды, ал өндірістік травматизмді алдын алу жұмыстарына белсенді қатысқан қызметкерлерге алғыс жарияланды. Олардың арасында БӨ ЕҢжҚОҚ жөніндегі инженер Максим Романов, БӨ № 3А цехтың бастығы Максим Колмаков, БӨ сылақшысы Наталья Быкова, ЭО ЕҢжҚОҚ жөніндегі инженер Елена Каратаева, ЭО байланыс құралдарын пайдалану және жөндеу жөніндегі шебер Антон Спиваков, ЭО электромонтері Виталий Бедарев, ОҒЗЗ инженер – зерттеуші Семен Шипинский, ОҒЗЗ ЕҢжҚОҚ жөніндегі инженер Елена Сергиенко, ОҒЗЗ инженер – зерттеушісі Айнур Қайназарова және тағы басқалар.
 

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі