Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқылардың бірі болып, индустриалық аймақ құруды қолға алған өңірлердің бірі – Созақ ауданы. Негізінен, жергілікті жерде өндірілетін «Қазатомпром» АҚ-қа қарасты уран өндіретін кәсіпорындарға қажетті құрал-жабдықтар шығаруға бағытталған. Қазіргі таңда Созақ ауданында жаңадан іске қосылатын шағын жә¬не орта кәсіпорындарды бір жерге шо¬ғырландыру арқылы олардың инф¬¬рақұрылым (автожол, су, жа¬рық) мәселелерін мемлекеттік дең¬гей¬де шешу мақсатында ауданда индуст¬риалды аймақ құру мәселесі қолға алынып, 50 гектар жер телімі ре¬зервке қойылды. Индустриалды ай¬мақтың инфрақұрылым жұ¬мыс¬тарына республикалық бюджеттен «Жол картасы» бағдарламасы ая¬сын¬¬да 239,7 млн. теңге бөлініп, тиіс¬¬ті жұмыстар толықтай аяқтал-ған. Қазіргі таңда аймақта өз өтініш¬терін берген 5 жоба енгізіліп, 2 жоба то¬лықтай жұмыс істеуде. 2013 жыл¬дың желтоқсан айында «UKO-S Star» ЖШС-ның «Уран өндіруші кә¬¬¬сіпорындарға арнап металл бөш¬ке¬лер шығару зауыты» жобасы іске қо¬сылды. 2014 жылдың осы уақытқа дейін зауытта 25 мың дана бөшке шы¬ғарылып, 33 млн. теңгеге жуық жер¬гілікті салыққа түсім түсті, 40 адам жұмысқа тартылған. Зауыттың өн¬д¬ірістік қуаттылығы жылына 50000 дана металл бөшке шығарады. Жо¬баның жалпы құны – 315 млн. тең¬ге. Толықтай жұмыс істеп отыр¬ған екінші жоба «Благо Лизинг НПЗ» ЖШС-ның «Уран өндіруші кә¬¬сі-порындарға арналған құрал-жаб¬дықтар шығару зауыты» 2014 жы묬дың желтоқсан айында іске қо¬сылып, тұрақты жұмыс жасауда. Зауыт полиэтилен құбырларын шы¬ғара¬ды. Қазіргі таңда 12 адам жұмыс жа-сауда. Жоба құны – 118 млн. тең¬ге. Жылдық қуаттылығы 700 млн. тең¬генің өнімін өндіреді. Қазіргі таң-да, «Бетпақдала» ЖШС, «АП¬ПАҚ» ЖШС өндіріс орындарымен келісімшартқа отырып, жұмыс жүр-гізуде. Бұдан бөлек, үстіміздегі жылдың екін¬ші жарты жылдығында «Дар¬хан-Ас» ӨК-нің «Иодталған ас тұ¬зын шығаратын зауыты» жобасы іс¬ке асырылатын болады. Жоба іске қо¬сылса, 44 жаңа жұмыс орны ашы¬лып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қам¬тылмақ. Дайын тұз өнімдерін шы¬ғаратын зауыт құрылысының жыл¬дық қуаттылығы 9600 тонна бо¬лады. 2016 жылы тағы 2 жоба аймақтың жос¬парында тұр. Қазіргі таңда кә¬сіпкерлерге қызмет көрсету орта¬лы¬ғы арқылы құжаттары жасалуда. «Сырлы Созақ» ЖШС «Пластмасс қал¬дықтарынан шикізат өндіру жә¬не полителин трубаларын шығару зауыты» жоба құны – 222,9 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы – 80 пог.м/сағ. Жоба іске қосылса, 50 адам¬ды жұмыспен қамту көзделген. «Қы¬зылорда Шаңырақ Сервис» ЖШС «Керамикалық кірпіш шы¬ғару зауыты» жобасының құны – 150 млн. теңге. 10 адамды жұмыспен қам¬титын жобаның жылына қуат¬тылығы 3 млн. дана болады. Аталған индустриалды аймақта жұмыс істеп отырған «UKO-S Star» ЖШС, «Благо Лизинг НПЗ» ЖШС зауыттары «Оңтүстік Жарық Тран¬зит» ЖШС-ның энергия көзін тұты¬нады. Алдағы уақытта «КЕГОК» АҚ-да энергия көзін тұтыну тиімді болуына байланысты аталған ком¬па¬ния арқылы тұтыну қарас¬ты¬рылу¬да. Бұл жөнінде облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасына ұсыныс берілді. Болашақта тиісті жұмыстар атқарылады. Индустриялық аймақтың толық қуатын іске асыру үшін қазіргі таңда аудан әкімдігі инвестиция тарту мақ¬сатында келіссөздер жүргізуде.
 

Aikyn.kz