Осы сұрақтың жауабын табу мақсатында «ҮМЗ» АҚ Жастар бірлестігінің жыл сайынғы есеп беру – сайлау конференциясы мен командалық тренинг өткізілді.

 

Дәстүр бойынша конференция мен тренинг ағымдағы жылдың наурыз айының соңында өткізілді. Өткізу орны «Изумрудный» санаториясы. Конференция әдеттегідей, жастар бірлестігі кеңесінің төрағасы Михаил Байтеряковтың есеп беруінен басталды. Ол өткен жылы атқарған жұмыстар туралы айтып берді. Нақты айтқанда, жастардың «Зауыттық отбасы – көңілді отбасы» сайысына қатысулары, «Шаттық сыйла» акциясын өткізіп, балалар спорт – туристтік ойындары мен «Ой сана» интеллектуалдық сайысын ұйымдастыру. Сонымен қатар зауыттың жастары республикалық, облыстық және қалалық іс – шараларға белсенді қатысты. Дәлірек айтқанда, ол Тұңғыш президент күнінен орай өткізілген Республикалық жастар форумы, «Өшпес таңқ» акциясы, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтау іс – шаралары мен Алдажаровтар отбасы «Жылдың жас отбасысы» номинациясы бойынша жеңімпаз ретінде танылған «Нұрлы болашақ» қалалық жастар форумы.

Жастар бірлестігі зауыттар мен кәсіпорындардағы жұмысшы жастар арасында өткізілген «Қайратты жастар – 2016» облыстық байқауының «Кәсіпорындағы ең үздік жастар ұйымы» номинациясының жеңімпазы болды. Конференция барысында Жастар бірлесітігі кеңесінің жаңа құрамы сайланды, соның ішінде Михаил Байтеряков, Зарина Куанышева, Александр Ревуцкий, Евгений Чвырин, Николай Иванов, Анна Фарафонова, Дина Абилова, Дмитрий Меркурьев, Тимур Алдажаров және Ирина Сушкова кірді. ЖБ кеңесінің төрағасы ретінде Михаил Байтеряков бір ауыздан сайланды. Конференция соңында «Біз қандаймыз?» атты командалық тренинг өткізілді. Тренинг өте көңілді, қызықты және сындарлы өтті.

Ал ең бастысы бағытталған тренингке сәйкес қойылған тапсырмалардың шешімін ауызбірлікпен бірлесіп таба білді.

 

 

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі