Үлбі металлургиялық зауыты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша жеңіске жетті.
11 желтоқсан күні Астана қаласында өткен салтанатты марапаттау кезінде «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженер Анатолий Кучковскийге «Парыз» алтын жүлдесі тапсырылды.
Номинациядағы жеңіс – бұл ҮМЗ он жылдан астам уақыт жұмыс жасап келе жатқан, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жүйелік жұмысының жоғары бағасы.
Кәсіпорын өндірістің экологиялық қауіпсіздігін сақтауға, апаттарды және апаттық жағдайларды алдын алуға, қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту мәселесіне аса көп көңіл бөледі. Ол үшін озық технологиялар, жабдықтар және басқарудың автоматтандырылған жүйесі қолданылады.
Экологиялық мақсаттағы жетістіктерге жету үшін «ҮМЗ» АҚ ұзақ мерзімді экологиялық бағдарламаларды әзірлейді, оны жүзеге асыру үшін кәсіпорын басшылығы едәуір ақшалай қаражатты бөледі. Тек осы жылдың өзінде ҮМЗ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс – шаралар инвестициясы 314,4 миллион теңгеден асты.
Өскемен қаласының басты экологиялық мәселесі – ауа бассейнінің ластауына аса ерекше көңіл бөлінеді. Бұл мәселені шешу үшін зауыт желдеткіш жүйесін оңтайландырып, негізгі өндірістегі шаң және газдан тазарту қондырғыларды жетілдіруде.
Сонымен қатар атмосфералық ауаның, су айдының үстінгі қабатының, жер асты сулар мен жер қыртысының сапасы әрдайым тексеріліп тұрады. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өнімнің сапасын арттыру мақсатында, зауыт қолданыстағы және жаңа технологияларды жетілдіруде. Бақылау қорытындалары мен атмосфералық ауаның, судың үстінгі қабатын жыл сайынғы саралау нәтижелері «ҮМЗ» АҚ өндірістік қызметі қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейтіндігін куәландырып отыр.
«ҮМЗ» АҚ