17-28 қыркүйек аралығында Ядролық физика институтына БЯЗИ-да ҚР Өкілетті өкілінің гранты есебінен қаржыландырылатын ССР-Қ реакторында нейтрон-активациялық талдау әдістерін дамыту бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламасы шеңберінде Біріккен ядролық зерттеулер институтының (БЯЗИ, Дубна қ.) қызметкерлері кезекті сапармен келді.

КЭЗО (Кешенді экологиялық зерттеулер орталығы) қызметкерлерімен бірге гамма-спектрометрия үшін 45 үлгіге дейін сақтауға және қажетті параметрлерді (өлшеу уақыты, детектордан және т.б. арақашықтығы) көрсете отырып, оларды өлшеуге автоматты түрде жіберуге мүмкіндік беретін үлгілердің автоматты ауыстырушысы құрастырылған болатын. Бұдан әрі бұл қондырғыны нейтрон-активациялық талдау саласындағы жұмыстар үшін пайдалану жоспарланып отыр.

КЭЗО және Біріккен ядролық зерттеулер институтының мамандарының ынтымақтастығы барысында нейтронды-активациялық талдау әдісімен үлгілерге бірлескен зерттеулер жүргізілген болатын.
Сапар барысында алдағы ынтымақтастық жоспарлары, сонымен бірге әртүрлі аналитикалық міндеттерді шешу үшін ССР-Қ мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану талқыланды.

ЯФИ