Биылғы жылы атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы қазақстандық-жапондық ынтымақтастыққа 20 жыл толды. Бірлескен бағдарламалар бойынша атом-энергетикалық реактор қондырғылары саласында, жоғарытемпературалы газбен салқындатылатын реакторлар технологиясын дамыту және қолдану, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытуды негіздеудегі зерттеулер саласында күрделі эксперименттік зерттеулер орындалды.Бірлескен жобаларды іске асыруды жалғастыра отырып, жапондық тарапқа да, Қазақстан үшін де өте маңызды жаңа жұмыстардың бірқатары іске қосылды, олардың бірі – «CORMIT» жобасын іске асыру болып табылады. Бұл жобаның басты мақсаты жеңіл сулы реактордың активті аймағының қорытпасының реактордағы қақпанның бетон негізіне жалатуға болатын әртүрлі жоғарытемпературалы қорғауыш материалдармен өзара әрекеттесу процесін эксперименттік зерделеу.2014 жылғы 21– 24 қазан аралығында «CORMIT» жобасының шеңберінде жапондық TOSHIBA және Marubeni Utility Services компаниялары мамандарының ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының мамандарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Атом энергиясы институтының қондырғыларында өткізілген эксперименттердің нәтижелері талқыланды, жобаны іске асырудың келесі қадамдары пысықталды.
 

www.nnc.kz