25 мамырда ғылыми-техникалық кеңес отырысында бас директор Батырбеков Эрлан Ғаділетұлының төрағалық етуімен ҚР ҰЯО РМК-ның ү.ж. 5 айдағы ғылыми және қаржылық-шаруашылық қызметінің мәселелері, соның ішінде халықаралық келісімдер мен шарттардың орындалуы, кәсіпорынның ары қарай дамуының негізгі кезеңдері қаралды.

Үстіміздегі жылы ҚР Ұлттық ядролық орталығы 2014 жылғы қарқынды төмендетпей, ойдағыдай жұмыс істеуді жалғастырып келеді. Атом энергетикасы саласының өзінде ғана бүгінде 2 ғылыми-техникалық бағдарлама, 10 бюджеттен тыс халықаралық бағдарлама іске асырылуда. Бюджеттен тыс жобалар Жапония, АҚШ, Ресей, Бельгиямен бірлесе іске асырылады. SAIGA эксперименттік бағдарламасын іске асыру мүмкіндігін қосымша зерттеуге Франциямен бірлескен жұмыс туралы шарт әзірленіп, келісілді.

Реакторлық қондырғылар мен стенділерде, КТМ Токамагында өткізілетін қолданбалы зерттеу жұмыстарынан басқа, бұрынғы Семей сынақ полигонында, ССП-ға іргелес аумақтарда радиациялық қауіпсіздік қамтамасыз етілді және кешенді экологиялық зерттеулер жүргізілді.

2014 жылғы қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін Калачи кентіндегі экологиялық ахуалды зерттеу үздіксіз жүргізіліп келеді. Медициналық рентген-диагностикалық жабдықтың пайдалану параметрлерін бақылау жөнінде жұмыстар жүргізуге 109 шарт бекітілді.

2015 жылы «Байкал» филиалы «Казцинк» ЖШС-ның өнеркәсіптік қалдықтарын пайдалану жөніндегі шарт бойынша міндеттерін орындауға кірісті. Жұмыстар технологиялық процесті сақтай отырып жүргізіліп жатыр, өнеркәсіптік қалдықтарды қабылдау, тиеу, тасымалдау және полигон карталарына қоймаға орналастыру жүзеге асырылуда.

Осы жылы ҚР Білім және ғылым министрілігінің желісі бойынша алынған гранттық қаржыландыру ойдағыдай іске асыуда. «Энергетика және машинажасау» басым бағыты бойынша 9 тақырыпта және «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнім өңдеу» басым бағыты бойынша 7 тақырыпта зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұлттық ядролық орталықтың дамуының негізгі шарты жоғарыбілікті кадрлар даярлау болып табылады. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» жаңа кафедрасы құрылды, ғылыми, инженерлік-техникалық кадрларды, техникалық персоналды даярлау және қайта даярлау жүргізіліп жатыр, Қазақстанның, алыс және жақын шет ел мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық орнатылды.

2015 жылы зерттеулерден басқа, Республикалық кешенді дозиметрия орталығын, Радиоактивті қалдықтар мен иондаушы сәуле көздерін қайта өңдеу және көму жөніндегі республикалық орталықты, қазақстандық Токамак КТМ материалтану реакторын салу сияқты маңызды жобаларды алға жылжыту және іске асыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табады. Шілде айында жаңа биологиялық корпус ашылмақ.

ҚР ҰЯО РМК