3-4 қыркүйекте Алматы қаласында адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларына арналған «Экологиялық қауіпсіздік» тақырыбындағы семинар өтті. Семинарды Қазақстан Ядролық қоғамының (ҚЯҚ) жәрдемдесуімен Қазақстанның Пагуош комитеті (ҚПК) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырды.

Экологиялық қауіпсіздік проблемалары ХХ ғасырдың соңына қарай жаһандық ауқымдағы сипатқа ие болды. Оларға: Жер шары климатының өзгеруі, атмосфераның ластануы, жерлердің ластануы, ауыл шаруашылық дақылдары шығымдылығының төмендеуі, ауыз су қорларының сарқылуы және су ресурстарының ластануы, биологиялық алуантүрліліктің азаюы және т.б. жатады. Бұл проблемалар көп жағдайда адамның өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылады, ол Жер шары экожүйесінің едәуір өзгеруіне әкеп соқтырады.

Семинарда студенттерге экологиялық қауіпсіздіктің әртүрлі мәселелері бойынша еліміздің жетекші ғалымдарының дәрістері оқылды. Ядролық физика институтының Инженерлік экология зертханасының меңгерушісі Макарова Варвара семинарда «Ядролық физика институтының радиоэкология саласындағы қызметі» тақырыбында баяндамасын оқып берді.

Одан бөлек, семинарға қатысушылар Ядролық физика институтында болып, кәсіпорынның негізгі ғылыми бөлімшелерімен және өндірістік объектілерімен танысып шықты.

іс-шараның фотосуреттерін сіз біздің фотогаллереядан көре аласыз

ҚР ЯФИ