Қазақстан ядролық энергетиканың азаматтық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Үндістанға уран экспортын жалғастыратын болады. Бұл туралы Үндістандағы Қазақстан елшісі Болат Сәрсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
Үндістан президенті П.Мукерджиге сенім грамотасын 9 желтоқсанда табыс ететін ҚР елшісі Сәрсенбаев өз сұхбатында Қазақстан мен Үндістанның мұнай, қазба байлықтары мен табиғи газ сынды негізгі салалар бойынша серіктестігі жалғасын табатынын атап өтті.
Үндістанның энергияға деген мол сұранысын ескеріп өткен ол: «Иә, тиісті байланыстар бар. Қазақстан Үндістанға уран экспорттайды. Бұл нақты жоба», - деп мәлім етті.
BNews.kz