«Интерсертифика-ТЮФ» фирмасының аудиторлары өткізген тексеру барысында бірде бір ауытқу анықталған жоқ. Беделді комиссияның жұмыс қорытындысы кәсіпорында құрылған және жұмыс істейтін барлық үш жүйенің де сәйкестігі туралы сертификатқа қол жетті. Оның ішінде үлбіліктерді зиянды өндірістік факторлардың жағымсыз әсерінен қорғау жүйесі де болды. 2010 жылы зауытта жұмыс істейтін денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі OHSAS:18001 халықаралық стандартына сәйкестікке сертификат алды. Ал 2012 жылы ҮМЗ-де сапаны басқару, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінен тұратын менеджменттің шоғырланған жүйесінің сертификациялық аудиті өткізілді. Жыл сайын зауытта жағдайды жақсарту және еңбекті қорғау, санитарлық-сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспары жасалады және ретімен жүзеге асырылады. Оларды орындау үшін көп қаражат жұмсалады. Мысалы, 2013 жылы тек Кешенді жоспарды орындауға 95 миллионға жуық қаржы бөлінді. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 50 миллион теңге құрайтын оның қомақты бөлігі зауыттықтар игілігіне жұмыс істеуде. Атап айтқанда, үлбіліктердің еңбек жағдайын жақсарту үшін 48 іс-шара орындалды, оған 37 миллионнан астам қаражат жұмсалды. Осы жұмыстар нәтижесінде 400 жұмысшы орын қолайлы, әрі қауіпсіз сипатқа ие болды. Өндірістік травматизммен күреске 38 іс-шара бағытталды, оларға үш жарым миллионнан астам қаржы жұмсалды. Тоғыз миллионнан астам ақша аурудың алдын алуға пайдаланылды. Алайда, тек бұл ақшамен еңбекті қорғау шығындары бітпейді. Жұмыс беруші шығындарының маңызды бабы жұмыс істеушілерге қажетті қорғаныс құралдары мен киімдерін алу болып табылады. Жалпы еңбекті қорғауға зауытта тоғыз ай ішінде жарты миллиардқа жуық, оның ішінде арнайы киім мен ЖҚҚ-на – 135 миллионға жуық қаржы жұмсалды. 165 миллионға жуық ақша зиянды жағдайларда жұмыс істейтін үлбіліктерді емдік-профилактикалық тамақтандыруға пайдаланылды. ҮМЗ-де өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау мен еңбекті қорғауды бақылауды ұйымдастырудың жолға қойылған схемасы теріс нәтижеге әкеп соқтыруы мүмкін ұсақ кемшіліктерді де анықтауға және жоюға жол ашады. 2013 жылғы 3 тоқсан ішінде уран, бериллий, тантал өндірістерінде, Қойма шаруашылығында, Энергетика, Сервис және Сынақ орталықтарында ондаған кешенді тексерулер жүргізілді. Үлбі металлургиялық зауыты республикада жұмыскерлердің еңбегін қорғауда, өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыруда көшбасшылардың бірі болып қала береді. Зауыттықтардың көптеген буындары қолдап келген бұл дәстүр зауыт қанша жұмыс істесе, сонша сақтала бермек!

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі