2016 жылғы 29 ақпанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Қоғамдық кеңесті әзірлеу бойынша Жұмыс тобының басшысы В.С. Школьниктің төрағалығымен ҚР ЭМ жаңадан құрылған Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті.
«Қоғамдық кеңес туралы» ҚР Заңына және қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес 2016 жылдың 9-шы ақпаннан 19 ақпан мерзімге дейін Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңесті әзірлеу бойынша конкурс өткізілді. Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңесіне қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдардан және жеке азаматтардан 27 өтініш ұсынылды.
Қоғамдық кеңестің құрамына ашық дауыс беру арқылы коммерциялық емес ұйымдардан 18 мүше, сондай-ақ мемлекеттік органдардан 9 мүшелер сайланды. Заңның нормаларына сәйкес, қоғамдық кеңесте азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің үштен екі бөлігінен кем емес болуы тиіс.
Бірінші отырыстың шеңберінде ашық дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңестің төрағасы «KAZENERGY» Қауымдастығының мұнайгаз және энергетика салаларын дамыту департаментінің директоры Яромир Рабай болып сайланды. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің хатшысы және Президиумы сайланды.
Қоғамдық кеңестің жанында келесі бағыттар бойынша комиссия құрылды:
1) мұнай және газ;
2) электр энергетика және көмір;
3) экология;
4) атом энергетикасы;
5) Бюджеттік, стратегиялық және нормативтік-құқықтық бағыттар.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 3-бабының 2-тармағына сәйкес қоғамдық кеңестердің міндеттері болып мыналар табылады:
1) Республикалық және жергілікті деңгейлерде талқылау және шешім қабылдау барысында азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және қоғамдастықтың пікірін есепке алу;
2) Азаматтық қоғаммен орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдармен өзара іс-қимылының дамуы;
3) Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының ашықтығын қамтамасыз ету.
Қоғамдық кеңестердің ұсыныстары заңнамамен қарастырылған шешімдерді қабылдайтын және дәлелді жауап беретін мемлекеттік органдардың қарастыруы үшін міндетті болып табылады.
Қоғамдық кеңестердің қызметінің басты мақсаты әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі