Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов «Энергетика және қошаған орта саласындағы тенденциялар» атты тақырыппен 19-20 маусымда канадалық Саскачеван провинциясының астанасы Реджайнада өткен конференцияға қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Энергетикалық кеңестің негізгі мақсаты - өзекті энергетика мәселелері бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибе және тексерілген шешімдермен алмасу. Кеңес сонымен қатар жаңа зерттемелер дайындайтын және энергетикалық нарықтағы тенденцияларды жарықтандыратын энергетика секторының компаниялары, академиялық шеңберлер мен университеттермен тығыз байланыстарын үзбейді.
Энергетикалық кеңестің төрағасы, Техас штатының Қауымдар палатасының депутаты Уэйн Смит ашқан іс-шараға Саскачеван провинциясының Сауда, инновациялар және туризм министрі Джереми Харрисон, Реджайна қаласының әкімі Майкл Фуджер, Альберта, Саскачеван провинциялары мен аталған американдық штаттарының заң шығарушы жиналыстарының мүшелері, бірқатар зерттеу орталықтар мен Солтүстік Американдық компаниялардың басшылары (соның ішінде әлемдегі ең ірі уран өндіретін «Cameco Corporation» мен «Enbridge Energy», «ExxonMobil», «Westport» сияқты мұнай-газ компаниялары және т.б.) қатысты. Саскачеван Заң шығарушы жиналысының спикері Дэн Д'Отремон және провинцияның Генерал-лейтенанты Вогн Сколфильд ханым Конференцияға қатысушыларды қошемет сөзбен қарсы алды.
К.Жигалов Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық жетістіктері, «Қазақстан-2050» Стратегиясының приоритеттері, Индустриалды және инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламаның екінші кезеңінің жүзеге асырылуының басталуы, еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданған жаңа шаралар пакеті, ҚР мұнай және газ секторын дамытудың негізгі бағыттары, қазақстандық-канадалық ынтымақтастық, соның ішінде уран саласындағы өзара әрекеттесу (Саскачеванда негізделген «Cameco Corporation» мен «Казатомпром» ҰАК» АҚ арасындағы стратегиялық әріптестік), Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық барысы туралы айтып берді.
Конференция шеңберінде К.Жигалов сонымен қатар Энергетикалық кеңес Атқарушы комитетінің мүшелерімен кездесті. Интерактивті диалог форматында канадалық провинциялардың депутаттары мен американдық штаттардың сенаторлары Қазақстанның энергетикалық нарықтағы маңызды рөлінің өсуін атап өтіп, инвесторлар үшін жаңа преференциялар пакетін енгізу бойынша қазақстандық тараптың бастамаларын, соның ішінде ҚР экономикасына ең ірі инвесторлар үшін визалық режимді жеңілдету бойынша шешімін жоғары бағалады.
Конференция нәтижесінде Энергетикалық кеңес пен Қазақстан арасындағы диалогты, соның ішінде Канада мен АҚШ-та өткізілетін іс-шаралар шеңберінде жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


ҚазАқпарат