Бұл туралы Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық энергетикалық ХIV форумында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді. «Жаһанданудағы энергетиканың қауіпсіздігі және болшағы» форумына әлемнің 50-ден астам мемлекетінің министрлері қатысып отыр. Жиында әлемдегі энергия көздерін пайдалану, тасымалдау мен дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Бүгінде 1 млрд. 400 мың адам электр жарығына зәру. Сондай-ақ пайдалы қазбаларды игеру кезінде табиғатқа келетін зиян жайы да форумның өзекті тақырыптарының бірі болды. Осы орайда қазақстандық тарап әлемге энергияның балама көздерін дамытатын технологияларды бірігіп іске асыруды ұсынды. Ұзақбай Қарабалин, ҚР Мұнай және газ министрі: - Энергия, мұнай-газдың болашағы талқыланады. Бізүшін аталған мәселе өте маңызды, себебі бүгінгі нарықтың қайдақарай бағыт алатындығы өзекті. Мұнай, газдың экспоры бізге үлкен мүмкіндік береді.
КАЗИНФОРМ