«Ядролық энергетика және радиация» саласында еңбек ресурстарын дамыту шеңберіндегі ынтымақтастық бойынша «Ядролық физика институты» РМК мен Жапонияның Атом Энергиясы жөніндегі агенттігі (JAEA) арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес ЯФИ РМК мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия факультетінің мамандары 2012 жылдан бастап жыл сайын «Environmental Radioactivity Monitoring Course (Қоршаған ортаны мониторингілеу)» курсы бойынша нұсқаушыларды даярлау бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізіледі. Нұсқаушыларды даярлау бойынша кезекті курс 2016 жылдың 22-25 тамызы аралығында ЯФИ РМК мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өтуде. Курстарда ЯФИ РМК 11 қызметкері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 8 қызметкері және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ «Қаратау» ЖШС технолог-инженері өздерінің біліктілігін арттыруда. ЯФИ РМК алаңында 2016 жылдың 24 тамызында практикалық сабақтар өткізілді, онда курстың үйлестірушілері – Жапонияның Атом Энергиясы жөніндегі агенттігінің (JAEA) қызметкерлері Masanao NAKANO (бас менеджер), Nobuo SHINOHARA (нұсқаушы), Hiroya YOKOYAMA (инженер) болды. Курсқа қатысушылар үшін қоршаған орта объектілерінің сынамаларын іріктеп алу әдістері бойынша практикалық сабақтарды ЯФИ РМК қызметкерлері М.А. Левашов және В.А. Артемова өткізді. Іріктеп алынған сынамалардың аналитикалық зертханалық зерттеулері бойынша сабақтарды ЯФИ РМК Төменаялы өлшеулер зертханасында жас қызметкерлер П.В. Харкин, М.А. Эдомская, А.К. Байгуржин өткізді. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар «Қоршаған ортаны радиациялық мониторингілеу» мамандығы бойынша сертификат алады.
 

ЯФИ