Астанада «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысында қалалық нысандарды көшелер мен гүлбақтардан бастап кіреберістер мен автобус аялдамаларына дейін жарықтандыру үшін фотоэлектр панельдерін қолдана отырып, қаланың инфрақұрылымдық келбетін «көгалдандыру» жоспарланған. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады. «EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жүргізу және оны өткізу дирекциясы» ЖШС және «Astana Solar» ЖШС өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кездесуде компания өкілдері елордада түрлі салаларда жасыл технологияларды енгізу кооперациясының негізгі аспектілерін талқылады.«Ынтымақтастық аясында компаниялар қалалық нысандарды көшелер мен гүлбақтардан бастап кіреберістер мен автобус аялдамаларына дейін жарықтандыру үшін фотоэлектр панельдерін қолдана отырып, қаланың инфрақұрылымдық келбетін «көгалдандыруды» көздейді. Осындай құралдардың көмегімен жаңартылатын энергия көздерін урбанистік тиімді пайдаланудың түрлі жолдарын көрсетумен қатар, бұл нысандар елорданың тұрақты даму саласындағы жемісінің нышаны болады», - делінген хабарламада.Күн жүйелері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін күн энергиясының мүмкіндіктері мен пайдасы туралы әрқашан да еске салып жүретін дағдыға айналады деп санайды компания өкілдері. Кездесу қорытындысы бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жақын арада ЕХРО-2017 өткізуге дайындық кезеңінде бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қою жоспарланған.
BNews.kz