2018 жылдың 19-23 ақпан аралығында Алматы қаласында «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бағдарламасы аясында АЭҚБК «URS Federal Services, Inc.» компаниясымен бірге «Физикалық қауіпсіздік жүйесінің конфигурациясын басқару» атты оқу семинарын ұйымдастырды және өткізді.

Оқу семинары «Ядролық физика институты» РМК Ядролық қауіпсіздік жөнінде оқу орталығының базасында өткізілді. Оқуға қазақстандық ядролық қондырғылар және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өкілдері қатысты.

 

Семинар бағдарламасының шеңберінде қатысушыларға физикалық қорғаныс жүйесінің конфигурациясын басқарудың негізгі қағидаттары берілді, жүйені жобалау, жобалық шешімдерді құжаттау, жүйенің беріктігі, өзгерістерді бақылау және бағалау, жүйенің физикалық конфигурациясын талдау және бағалау, сондай-ақ тиімділікті бағалауды жүргізу мәселелері қаралды. Семинардың тақырыбы бойынша практикалық жаттығулар жүргізілді. Объектілердің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жабдықтардың заманауи үлгілерімен және соңғы жаңа түрлерімен танысу ұйымдастырылды, қатысушылар оларды байқап көрді.

Оқу семинары қатысушыларға физикалық қорғаныс жүйесінің ұзақ мерзімді тиімділігін қамтамасыз ету үшін оның конфигурациясын басқару қажеттілігін және олардың қағидаттарын іс жүзінде қолдануды ұғынуға мүмкіндік берді.
 

ҚР ЭМ