Германияның саясаткерлері мен сарапшылары жаһандық ядролық қарусыздану саласындағы Қазақстанның іс-әрекеттерін қолдайды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. «Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің бастамасы бойынша Конрад Аденауэр атындағы Академия Қоры ғимаратында «Ядролық қаруға қарсы кең көлемді іс-қимылдағы Қазақстанның рөлі» тақырыбында конференция және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ зардаптары туралы фотокөрме өтті»,-делінген хабарламада. Конрад Аденауэр атындағы қормен бірлесіп өткізілген шараға германдық Бундестаг депутаттары, ГФР құзыретті министрліктері пен ведомстволарының, неміс қоғамдық-саяси және ғылыми топтарының, Үкіметтік емес ұйымдарының, БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстандық делегация құрамында Елші Н.Онжанов, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Роман Василенко және неміс жұртшылығының назарына өзінің картиналарын ұсынған АТОМ жобасының Құрметті Елшісі, қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіков болды.

BNews.kz