2018 жылы гранттар бағдарламасы бойынша қаржыландыру шеңберінде ҚР БҒМ Ғылым комитеті мен ҚР ҰЯО РМК арасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шарт жасалды.
2018-2020 жылдар аралығында ҚР ҰЯО РМК-ның ғылыми және техникалық базасында үш ғылыми басым жоба бойынша маңызды зерттеу жұмыстары жоспарланған, олар: «Li15.7Pb қорғасын-литий эвтетикалы ТЯР бланкетінде тритий алу технологиясын әзірлеу», «ИГР зерттеу реакторында алынған ядролық реактордың актив аймағы материалдары балқымасының қасиеттері мен сипаттамалары», «ТЯР-дың бірінші қабырғасының кандидат материалдарының бетін термографиялық өлшеу тәсілін әзірлеу және оны КТМ материалтану токамагында іске енгізу» жобалары.
Сондай-ақ аталған келісім бойынша «Сәулеленген бериллийді құрғақтай тазалау әдісін жетілдіру» жобасы бойынша гранттық қаржыландыру туралы оң шешім қабылданды.
Маусым айында ҚР ҰЯО АЭИ филиалының ғылыми-техникалық кеңесінің отырысында кеңес мүшелері гранттық жобалар бойынша жұмыстардың күнтізбелік жоспарларын жете талқылады, сондай-ақ аталған басымдық бойынша орындалған жұмыстардың барысы туралы жан-жақты есеп тыңдалды.
Қазіргі уақытта қайтадан орындалатын жобалар белсенді түрде әзірлене басталғандығы атап көрсетілді. Барлық зерттеу жұмыстары күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілуде. Атап айтқанда, сутегі изотоптарының қорғасын-литий эвтетикасымен өзара әрекеттесуін зерттеу бойынша талдамалық шолу жасалды; реактордан тыс жағдайларда алынған балқымалардың құрылымы мен қасиеттері туралы қолда бар әдеби деректерге талдау жасалды;термографикалық өлшеулердің ұсынылған тәсілін пайдалану мүмкіндігінің есептік-теориялық негіздемесі жасалды; сәулеленген бериллийді тазарту технологиясының негізгі параметрлері анықталды.
Аталған жобалардың ерекшелігі ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындаушылары Ұлттық ядролық орталықтың жас ғалымдары мен мамандары екендігінде. Жұмыстар кәсіпорынның тәжірибелі қызметкерлерінің әдістемелік көмегімен жүргізіледі.
Мұндай сабақтастық тәжірибесі өз жемісін берді, бұған дейін 2015-2017 жылдары ҚР БҒМ қаржыландырған он бір гранттық жобаның ойдағыдай орындалғандығы осының куәсі.
ҚР ҰЯО