Ғылым тұрғысынан ойлау ұлттық басымдыққа айналуда. Бұл жөнінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы Владимир Школьник мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Президент Н.Назарбаев биылғы халыққа Жолдауында «алдағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз және мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады» деген мақсат қойды. Әлем ғылыми-техникалық революцияның табалдырығында тұрғаны айдан анық. Көптеген елдер жаңа технологияларды құруға үлкен күш жұмсауда және оған жеткен, инновацияларға қол жеткізген мемлекет жаңа әлемнің көшбасшысына айналады. Егер біз қазір өз технологияларымызды дамытпасақ, ғалымдарымызға, өнертапқыштарымызға қолдау көрсетпесек, онда біз өркениеттің сыртында қалып қоямыз. Қазақстанның әл-ауқаты біздің жоғары дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қалай кіретінімізге байланысты болып отыр», - деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы. Ол Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында атом энергетикасына деген өз көзқарасын нақты білдіргенін айтты. «Бізге жаңа өндіруші энергетикалық қуаттарды дамыту керек, соның ішінде, атом станциялары есебінен. Ол үшін елімізде уранның бай қоры, тәжірибелі мамандар, ғылыми база, ядролық энергетикалық жабдықтарды пайдаланудағы 40-жылдық сәтті тәжірибе бар. Президент алдағы жұмыстың нақты бағыттарын белгілеп берді. Енді одан әрі барлығы бізге, ел азаматтарына байланысты. Дамушы Қазақстанның болашағы бүгінгі күні біз Елбасының тапсырмасын қалай орындаймыз, елдегі ғылым мен технологияны қандай деңгейге көтереміз, міне, осыларға байланысты», - деді В.Школьник.
BNews.kz