Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты (бұдан әрі – ЯФИ) Жапониядағы J-PARK үдеткіш кешенінде COMET экспериментін өткізу бойынша халықаралық коллаборацияның қатысушысы болды. J-PARC COMET эксперименті коллаборациялық кеңесінің басшыларынан ЯФИ-дың аталған коллаборацияға қатысқанын растайтын хат алынды.

COMET эксперименті шеңберінде элементар бөлшектер физикасының сирек кездесетін процесі – мюон элементар бөлшегінің басқа электрон элементар бөлшегіне өту процесін іздестіру жүргізіледі. Осындай процесс бұрын-соңды байқалмаған және элементар бөлшектер физикасында үлкен серпіліс табуы мүмкін.
 

ЯФИ