2018 жылдың 5-7 қыркүйегі аралығында Ядролық физика институты базасында ҚР мемлекеттік органдары, атом саласының ұйымдары мен компаниялары өкілдері үшін АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі мен ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті бірлесіп ұйымдастырған «Ядролық криминалистика үшін ұлттық деректер базасын дамыту» тақырыбындағы оқыту семинары өтті.

Семинар барысында бірқатар АҚШ Ұлттық зертханалары мен АҚШ Энергетика министрлігінің оқытушылары ядролық криминалистика мен ядролық және радиоактивтік материалдардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл қажеттіліктері үшін компьютерлік деректер базасын қалыптастыру, толтыру және пайдалану тәсілдерін көрсетті. Баяндамалар білімі мен дағдыларын бекіту үшін практикалық жаттығуларды орындау арқылы жүргізілді. Сондай-ақ, семинар барысында Қазақстан Республикасында ядролық криминалистика қызметтерін дамыту бойынша келешек ынтымақтастық бағыттары талқыланды.
 

ЯФИ ҚР