Қаңтарда «ҮМЗ» АҚ кәсіподағына 65 жыл толды. Зауыт кәсіподағының тарихы өз бастауын кәсіподақ ұйымының алғашқы конференциясы болып өткен 1950 жылғы қаңтардан алады. Ол кезде есепте 312 кәсіподақ мүшесі бар болатын. Бүгінде «ҮМЗ» АҚ кәсіподағы зауыт зейнеткерлерімен қосқанда жалпы саны бес мыңнан астам адамды құрайтын қуатты ұйым болып табылады. Оның төрағасы қызметін биыл бесінші жылы Василий Семенов атқарып келеді. Ұйымның құрамына 25 бастауыш ұйым кіреді, оларды ұжымда жоғары беделге ие кәсіподақ белсенділері басқарады. Кәсіподақтың жарты ғасырдан астам жұмыс тәжірибесінің көп қыры бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтқан жоқ. Кәсіподақ комитетінің тұрақты басымдықтарының бірі бұрынғыша еңбекті қорғау, өндіріс қауіпсіздігінің деңгейін арттыру болып қала беруде. Сонымен қатар, өндірістік қызметпен бірге кәсіподақ зейнеткерлермен, жастармен жұмысқа, спорт пен мәдениетке үлкен көңіл аударуды жалғастыруда. Өткен жылғы маусым айының ортасында «Кәсіби одақтар туралы» Заң қабылданды. Қазіргі уақытта кәсіподақ жұмысы негізгі жұмыспен қатар жаңа талаптарды практикалық тұрғыда іске асыруға бағытталған.

 

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі