АРЕВА және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бірлескен еншілес кәсіпорны «КАТКО» БК» ЖШС 2005 жылы өнеркәсіптік қызметін бастағалы бері 20 000 тонна уран өндірді. Бұл көрсеткішке кәсіпорын 2011 жылдың наурызында 10 000 тонна уран өндіргеннен кейін үш жылға жетпес уақыт ішінде, нақтырақ 2 желтоқсанда қол жеткізді. 20 000-шы тонна уранның өндірілуіне қатысты «КАТКО» БК» ЖШС Бас директоры Жерар Фриес: «Мен тау-кен өнеркәсібінде өзгелерге үлгі боларлықтай компанияға басшылық ететініме өте қуаныштымын. КАТКО-ның аса ұзақ емес, бірақ тағлымды тарихына жаңа парақ енгізілді, бұның бәрі біздің жұмысшыларымыздың қайсарлығының арқасында мүмкін болып отыр. Табысты еселей түсу және жаңа рекордтар орнату жолындағы өз жұмысын одан әрі жалғастыру үшін КАТКО-ның мүмкіндіктері мен негізгі қорлары жеткілікті», - деді. 1996 жылы құрылған «КАТКО» бірлескен кәсіпорыны уақыт өте Қазақстандағы ірі уран өндіруші кәсіпорынның, ал 2009 жылдан жер асты шаймалау (ЖШ) тәсілін қолданумен уран өндіру бойынша әлемдік жетекші кәсіпорындардың біріне айналды. Компания қауіпсіздік техникасына және қоршаған ортаға қатысты ең жоғары кен өндіру стандарттарын қолдана отырып, Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан екі уран кенішінде уран өндіру және оны қайта өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Кеніштерде жылына бірнеше мыңдаған тонна уран өндіру, оны қайта өңдеу және қорапқа салу үшін қажетті қазіргі заманғы қондырғылар мен құрылғылар орнатырған. 2012 жылы 3 600 тоннадан астам уран алған «КАТКО» БК» ЖШС 2013 жылы 4000 тонна уран өндіруге ұмтылуда. Жоғары білікті жұмыс деңгейін көрсетіп отырған компаниядағы 1200 қызметкердің 50% жергілікті тұрғындар құрайды. Қызметкерлерге халықаралық деңгейде қолданылатын жаңа және қазіргі заманғы жұмыс тәсілдерін үйрететін 5S немесе Кайдзен сияқты тренингтер тұрақты өткізіліп келеді. Өз акционерлерінің қолдауына сүйене отырып, компания тұрғылықты халықтың игілігі үшін белсенді әлеуметтік саясатын жүргізеді. Он жыл ішінде «КАТКО» БК» ЖШС және оның акционерлері мектептер салу және шәкіртақылар төлеу, сондай-ақ аз қамтамасыз етілген отбасыларға қаржылық көмек көрсету сияқты әлеуметтік жобаларға жалпы 1,5 миллиард теңгеден аса қаржы бөлді. «Катко»

БК» ЖШС Баспасөз қызметі