Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарына 100-ден астам лицензия беріледі. Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарына 50-ден 100-ге жақын лицензиялар беруді жоспарлап отыр, BNews.kz. мәлімдеді.
Лицензиялар беруді келесі жылы, ҚР-ның жер қойнаулары мәселесі бойынша, заңнамалық актілердің кейбіреуіне өзгерістер мен толықтырулар енгізгеннен кейін бастауды жоспарлап отыр. Заң жобасының негізгі бөлімдері Қазақстанның минеральды-шикізат секторында инвестициялық жағдайының жақсартуға бағыталады. Жер және жер қойнауы туралы Кодексінің өзгеріс енгізілген екінші пакет құжаты 2014–2015 жылдары шығатын болады.
«Келер жыл, мүмкін, белсенді жыл болар, біз Қазақстанға халықаралық тау-кең өңдіруші компаниясының келуін күтудеміз»,- деді, Лондонда, ҚР Инвестициялық даму бойынша министрдің орынбасары Ерлан Сағадиев.
Оның айтуы бойынша, қарастырылып жатқан жаңа ереже алдыңғысына қарағанда жеңіл болады.
Қазақстан — бұрыңғы Совет Одағы елдерінің ішіндегі, активтерді сату мен шетел инвесторларын тарту арқылы өсуіне жағдай жасап отырған, Ресейден кейінгі ірі электрэнергиясын өндіруші ел болып табылады.
ҚР «Жер және жер қойнауы туралы» Заңына енгізген өзгерістер, Қазақстан Үкіметіне жылдың соңында ұсынылып, бірінші жартыжылдықта (2015 жылы) парламентпен қабылдануы мүмкін»,-деді, Сағадиев.
«Жаңа технологиялар, жаңа кеңорындарды тауып және соған ауысуға дайын «тау-кең өңдіруші компаниялар үшін үлкен мүмкіндіктер ашады,-деді, ол. Елімізде 500 метрден терең әлі бұрғыланған жоқ».
 

BNews.kz