Қазақстан МАГАТЭ-мен аз байытылған уран халықаралық банкін орналастыру шарттары бойынша келіссөз жүргізуде, деп ҚР СІМ ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Барлыбай Садықов ОКҚ брифингінде мәлімдеді. «Президенттің Қазақстан аумағында МАГАТЭ-нің Халықаралық төмен байытылған уран банкін орналастыру туралы бастамасының мәні зор. Жобаның мәні сонда, уран байыту бойынша өзіндік қуаттылық құруға құлықсыз мемлекеттер оны тасымалдаудан бас тарту жағдайында ядролық отынды тасымалдау кепілдігіне ие болмақ», - дейді Б.Садықов.Оның айтуынша, көптеген елдердің өзіндік толық циклді уран өндірісін құруына қажеттілік жоқ. Бұл ядролық отынды шексіз таратуға мүмкіндік береді.«Қазіргі таңда МАГАТЭ хатшылығымен банкті Қазақстанға орналастыру туралы келіссөздер жүргізілуде. Қазақстан делегаттары 10 шақты ведомство өкілдерінен тұрады. Қазақстандық тарап мүддесі толықтай қорғалмақ», - дейді.
strategy2050.kz